«Мейірбике»колледжі Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан арнаулы орта білімді медициналық қызметкерлерді дайындайтын білім беру орындарының бірі.
Оның ірге тасы 1976 жылы Гурьев медицина училищесінің Шевченко қаласындағы филиалы болып қаланды. Бұл филиал медбике мамандарын дайындап, бірінші маман түлектерін 1978 жыл шығарды.
1992жылы Облыстық медицина учелищесінің Ақтау филиалы болып аталды.
1997 жылы осы аталған мемлекеттік оқу орындарының ізімен жеке меншік «Мейірбике»колледжі ашылды.
«Мейірбике» колледжі Қазақстан Республикасының « Білім беру заңына» сәйкес арнайы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.
Білім беру құқығы АБ сериялы № 0032374 21.10.2009 ж берілген мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық база

Колледждің материалдық-техникалық жағдайы қазіргі талаптарға сәйкес және бәсекеге қабілетті орта буынды медицина қызметкерлерін дайындауды жоғарғы деңгейде өткізуге мүмкіндігі бар.
Колледж ғимаратының жалпы көлемі – 2847 м2.
Оқу алаңының көлемі / аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар және басқа оқу сағаттарын жүргізетін бөлмелер/ — 2647 м2.
Оқу алаңының көлемі 1 студентке шаққанда – 2,7 м2.
Оқу үрдісі оқу-әдістемелік және техникалық құралдармен 80% жабдықталған.
«Мейірбике» медициналақ колледжінің құрылымы:
клиникалық кабинеттер — 8
стоматологиялық лаборатория — 1
химиялық лаборатория -1
конференц залы 60 адамға;
кітапхананың оқу залы 40 адамға;
асхана – 40 адамға есептелген;
дәрігерлік пункт;
компьютерлік кабинет
Оқу бөлмелері типтік оқу жоспарларына сәйкес мамандықтары бойынша жабдықталған.
Колледж ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілген. 2 компьютерлік бөлмелер 35 компьютермен жабдықталған, оның ішінде 11 компьютер ИНТЕРНЕТ желісіне және локальдік жүйеге қосылған, «bilimal» бағдарламасымен жабдықталған.
Кітапхананың жалпы кітап қоры – 39470,оның ішінде оқушыларға арналған оқулықтар-30314, оқу-әдістемелік құралдар– 3610, әдеби кітаптар – 5546, мемлекеттік тілдегі кітаптар- 28789 дана.
Мүғалімдер мен студенттердің білім деңгейін арттыру үшін кітапхана осы оқу жылында 45 журнал , 10 газетке жазылды. Әр оқушыға оқулық 32 данадан келеді.
Кітапхана штатында 2 орта арнайы білімді кітапханашы жұмыс істейді. 2010 ж. біліктілік курстарында білім деңгейін жетілдірді

Колледждің мамандар потенциалы

Колледжде ғылыми-педагогикалық және шығармашылық жұмысқа мүмкіншіліктері бар және бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың сапасын көтеретін жоғары білікті мамандар жеткілікті.
Колледжде 65 оқытушы жұмыс жасайды: басшылық құрам — 4, оқытушылар құрамы – 60. Штаттағы оқытушылар бөлігі — 45 (70,3%), штаттан тыс оқытушылар — 19 (29,6%)
«ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» — 1оқытушы,ғылым кандидаттары -3 (6,6%).

Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы:
жоғары біліктілік санат – 5 (7,6%) адам;
бірінші біліктілік санат – 15 (23,3%), адам;
Жоғары және бірінші санатты оқытушылар – 30 % құрайды. 97% оқытушылар сабақты мемлекеттік тілде жүргізеді. Колледждің барлық педагогикалық құрамы жоғарғы білімді оқытушылар.
Педагогтар құрамы жыл сайын біліктілікті көтеру курстарына қатысып отырады.

Оқу кабинеттерінің оқу –техникалық құралдармен жабдықталуы.
Колледждің материалдық-техникалық жағдайы медицина мамандарын қазіргі талаптарға сай дайындауға жан-жақты мүмкіндіктер жасалған. Оқу – әдістемелік, ақпараттық және техникалық құралдармен толықтай жабдықталған 2 компьютерлік кабинет бар. Компьютерлік техника саны -50. Колледжімізде 11 оқу кабинеті интернет желісіне қосылған.
Электронды оқу бағдарламасымен бағытталған оқулықтар жасақталуда және сатып алынуда. 4 оқу кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған. Олар информатика, оқу залы, терапия және гигиена кабинеттерінде орналасқан. Колледжімізде компьютерлік техникаларға қызмет көрсетуші ТОО Рем-Копир мекемесі.
Ағылшын тілінен 1 лингафондық кабинет жұмыс істейді. Кабинет 2011 жылы ашылған. Лингафондық кабинетке қызмет көрсетуші ТОО Центр Каз Лингафон мекемесі.
Барлық емтихандар мен сынақтар компьютермен жүргізіледі. Сол мақсатта арнайы тест орталығы ашылып, тест орталығы 25 компьютермен жабдықталынған. Емтихан мен сынақтар жемқорлықсыз өту мақсатында тест орталығы камерамен бақыланып. Сол мезетте студентке өзінің алған бағасын шығарады.

Мамандықтар/Специальности
ЖШС «Мейірбике» колледжі төмендегідей мамандықтарды дайындайды:
ТОО «Колледж «Меирбике» готовит по следующим специальностям:
9 және 11 сыныптан
на вазе 9 и 11 классов
0301000 — «Емдеу ісі», 0301013 — «Фельдшер»
0301000 «Лечебное дело», 0301013 «Фельдшер»
9 сынып 3 жыл 10 ай негізгі орта білім беру базасында
11 сынып 2 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
9 кл срок обучения 3 года 10 месяцев на базе основного среднего образования
11 кл срок обучения 2 года 10 месяцев на базе общего среднегообразования
0301000 — «Емдеу ісі», 0301023 — «Акушер»
0301000 «Лечебное дело», 0301023 «Акушер (ка)»
11 сынып 2 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
11 кл срок обучения 2 года 10 месяцев на базе общего среднегообразования
0302000 «Мейірбике ісі», 030203 3 – «Жалпы практика мейірбикесі»
0302000 «Сестринское дело», 030203 3 – «Медицинская сестра общей практики»
9 сынып 3 жыл 10 ай негізгі орта білім беру базасында
11 сынып 2 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
9 кл срок обучения 3 года 10 месяцев на базе основного среднего образования
11 кл срок обучения 2 года 10 месяцев на базе общего среднегообразования
0303000 – «Гигиена және эпидемиология», 030301 3 – «Гигиенист-эпидемиолог»
0303000 – «Гигиена и эпидемиология», 030301 3 – «Гигиенист-эпидемиолог»
11 сынып 2 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
11 кл срок обучения 2 года 10 месяцев на базе общего среднегообразования
0304000 – «Стоматология», 0304023 – «Дантист»
9 сынып 3 жыл 10 ай негізгі орта білім беру базасында
11 сынып 2 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
9 кл срок обучения 3 года 10 месяцев на базе основного среднего образования
11 кл срок обучения 2 года 10 месяцев на базе общего среднегообразования
0305000 – Лабораторлық диагностика», 0305013- «Медициналық лаборант»
0305000 – Лабораторная диагностика», 0305013- «Медицинский лаборант»
9 сынып 3 жыл 10 ай негізгі орта білім беру базасында
11 сынып 2 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
9 кл срок обучения 3 года 10 месяцев на базе основного среднего образования
11 кл срок обучения 2 года 10 месяцев на базе общего среднегообразования
0306000 – «Фармация», 0306013 – «Фармацевт»
11 сынып 2 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
11 кл срок обучения 2 года 10 месяцевна базе общего среднегообразования
0307000 «Ортопедиялық стоматология», 0307013 – «Тіс технигі»
0307000 «Стоматология ортопедическая», 0307013 – «Зубной техник»
9 сынып 2 жыл 10 ай негізгі орта білім беру базасында
11 сынып 1 жыл 10 ай жалпы орта білім беру базасында
9 кл срок обучения 2 года 10 месяцев на базе основного среднего образования
11 кл срок обучения 1 года 10 месяцев на базе общего среднегообразования

Additional Info

ФИО руководителяСагимбаев Алимжан Усенович

Comments

Leave a Reply